Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қызанақ пен қияр қымбаттады

c 17:49, 12/03/2019 c 671

0:00 / 0:00

Қазіргі кезде қызанақ пен қиярдың бағасы әртүрлі. Мәселен, қызанақ бір жерде 650 теңгеден сатылса, енді бір орында 600 теңгеге бағаланған. Қиярдың құны 1100-1200 теңгенің айналасында.Ал, Оралдықтар болса бағасы бір келі еттің құнымен пара-пар аталмыш көкөністерді тұтынудан қалдық дейді. Осы орайда  статистикалық департамент өкілдерінің таратқан ақпаратына сүйенсек, тұтыну нарығындағы тауарлар бағасы биыл, өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға өскен. Оның ішінде көкөністер де бар. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі мамандары қияр мен қызанақ әлеуемттік маңызы бар туарларға жатпайтынын айтады. Шаһарда тұрғындарды маусымаралық уақытта жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 8 шаруа қожалықтарының жылыжай кешені жұмыс жасайды. Өткен жылы жылыжайлардың бірінші дақылайналым бойынша, 118 тонна, екінші дақыл айналымында 134 тонна өнім жиналған. Жергілікті көкөністер қала базарлары мен дүкендерінде саттыққа шығарылған. Негізінен, баға тұрақтылығын сақтау мақсатында Орал шаһарында сенбі сайын жермеңке ұйымдасатырылып келеді. Қызанақ пен қиярдың бағасы мереке күндерінде қымбаттауы біз үшін қалыпты жағдай секілді. Алдағы күндері де айтулы мейрам екені аян. Осы орайда 21 наурызда жәрмеңке ұйымдастырылу жоспары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.