Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қытай дәрігерлері көмекке келді

c 00:10, 11/04/2020 c 571

0:00 / 0:00

Аты жаман дерттен елімізде тоғызыншы адам көз жұмды. Алматы қаласында коронавирус індетінен қайтыс болған 1956 жылғы науқас әйелде өкпенің, жүректің созылмалы аурулары болған екен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 800-ден асты.  61 адам жазылып шықты. 9 адам қайтыс болды.  Ал елдегі коронавирусқа қарсы тұру үшін көрші Қытайдан дәрігерлер көмекке келді. Кеше кешкісін елордаға ұшып келген Қытайдың Шыңжаң-Ұйығыр автономиясының  ауданының 10 медициналық қызметкері Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы дәрігерлерге көмектесіп, вирусқа қарсы тұратын тәжірибелерімен бөліспек.

Қазақстандық дәрігерлерге көмекке қытайлық әріптестері келді.Кеше кешсіні елордаға арнайы бортпен жеткізілген қытайлық дәрігерлермен бірге келіп қонған екінші ұшақпен гуманитарлық көмек те жеткізілді. 5,5 тонналық  қайырымдылық жүгімен бетперделер, тепловизорлар, арнайы көзәйнектер және дәстүрлі қытай дәрі-дәрмектері әкелінді. Қытайдың  Шыңжаң-Ұйғыр автономиясынан келген 10 дәрігер еліміздің үш қаласында 15 күн бойы тәжірибесімен бөлісіп, көмек қолын созбақ. Айта кетейік, қытайлық дәрігерлердің көмегіне жүгіну екі ел басшылары арасындағы уағдаластық негізінде жүзеге асып отыр.

Қамалжан Надыров –ҚР денсаулық сақтау вице-министрі; «Біздің елге келген қытайлық дәрігерлермен арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істейміз. Бағдарлама аясында олар үш қалаға барады. Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларына барып тәжірибесімен бөліседі. Қазір бізде ауыр халде жатқан науқастар бар, бірқатары жасанды өкпе желдеткішіне қосылған. Сондықтан бізде талқылайтын мәселе көп. Тәжірибе алмасамыз.»

Елге жеткен қытайлық 10 дәрігердің бәрі жетекші мамандар. Пульмонолог, реаниматолог және эпидемиологтар.  Шыңжаңда коронавируспен күрескен дәрігерлер. Еске сала кетейік, Қазақстанда бүгінгі күні 120 медициналық қызметкер қауіпті індетті жұқтырды. Оның 67 науқастармен қарым-қатынаста жұқтырған. Қытайлық дәрігерлердің айтуынша, бұл орайда дәрігерлерді  қорғау шараларын күшейту қажет.

Лу Чен –ҚХР шыңжаң ауданының №2 халықтық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары; «Қытайда 3387 медициналық қызметкер қауіпті індетті жұқтырды. Вирустың ошағы болған Ухань қаласында бас кезінде дәрігерлер көп ауырды. Біз бірден дәрігерлерді қорғау шараларын мықтадық.Оларды қажетті қорғану киімдермен, оларға керек барлық мүмкіндікті жасадық. Тек осыдан кейін дәрігерлердің вирус жұқтыруы азайды».

Қытайлық дәрігерлермен өткен онлайн брифингте мәлім болғандай, қытайлық дәрігерлер елге келген бетте медициналық тексеруден өткен. Қытай дәрігерлері әзірге елордада карантин шаралары сақталғанын, адамдардың бәрі бетперде кіип жүргенін көріп, сақтану жұмыстары жүріп жатқанын аңғардық деп отыр. Әзірге қытай елінің медицина қызметкерлері  елорда ауруханаларына бармапты. Өздерінің тәжірибесімен тегін  бөлісуге дайын екен. Олар жайлы қонақ үйге оналасқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.