Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ҚЫСҚАНДА, ЖАЛАҚЫНЫ ӨСІРУ КЕРЕК ПЕ?

c 09:45, 16/03/2023 c 110

0:00 / 0:00

Елде инфляция деңгейі шарықтап, халықты қымбатшылық қысып жатқанда жұмысшылардың жалақысын өсіру мәселесі қалай шешілмек? Жекесектордағы жалақыны индексациялау міндеттеле ме? Бұл сұраққа Еңбек министрі Тамара Дүйсенова жауап берді. Министрдің айтуынша, жыл сайын инфлция деңгейі жоғарлағанда, айлықты да өсіру қажет. Бұл жайында ол сенат дәлізінде тілшілердің сұрағына жауабында айтты.

Азық-түлік қымбаттап, инфляция деңгейі 20 пайызға шарықтап жатқанда жұмыс беруші жалақы көлемін өсіруге міндетті ме? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі еңбекақыны индексациялау мәселесіне қатысты түсінік берді. Ұжымдық шартта инфляцияға сай жалақыны индексациялау қарастырылған болса, айлық өсуі тиіс. Әйтпегенде жұмыс берушіге айыппұл қарастырылған. Алайда, бұл мәселе келісімшартта ескерусіз қалып жатады. Министр Дүйсенованың айтуынша, Еңбек Кодексінде өткен жылдан бастап ұжымдық шарт аясында инфляция шарықтаған жағдайда жалақыны көтеру мәселесін қарастыру нормасы бар. Бірақ оны жұмыс беруші өзі шешеді. Енді осыны міндеттеу қолға алынбақ.

Кейбір мекемелерде ұжымдық шарт жасаспаған жұмысшылар жұмыс берушіге еңбекақымды көтер деп талап та қоя алмайды. Министр бұл орайда кәсіподаққа жүгінуге кеңес береді.

Қазақстанда ең төменгі жалақы көлемі 70 мың теңге алатын 1 миллион 800 мың адам бар. Бұл жалақы қымбатшылық қысып жатқан жағдайда жанға медеу болады деп айту қиын. Көп жағдайда елдегі кәсіпорындар инфляцияның өскенін көре тұра, жұмысшылардың айлығын өсіруге келгенде сараңдық танытып жатады. Халық шулап, мемлекет араласқанда ғана еңбекақыларын әупірімдеп өсіреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.