Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫМБАТ КӨЛІКТІҢ САЛЫҒЫ ДА КӨП БОЛАДЫ

c 10:28, 27/12/2022 c 176

0:00 / 0:00

2024 жылдан бастап енгізілетін байлық салығы қымбат автокөлік қозғалтқышының көлеміне емес, автомобиль құнына қарай салынатын болады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, мысалы көлік құны 200 мың доллар болса, онда бастапқы жарна кезінде бір реттік төлем немесе жыл сайынғы төлем болуы мүмкін. Бұған дейін де хабарлағанымыздай байлық салығы Салық Кодексіне енгізіліп отырған жаңашылдық. Аталмыш жоба келесі жылы парламентке түседі деген жоспар бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «байлыққа салық салу» мәселесін көтерген еді. Үкімет бұл мәселені бірден қолға алып жатыр.

Еліміздегі олигархтар зәулім үйлері мен қымбат автокөліктеріне, яхталарына ауқымды салық төлейтін болады. Қалталы азаматтарды байлығы үшін ауқымды салық төлеуге міндеттеу мәселесі бірінеше рет депутаттармен де көтерілген болатын. Талай айтылып келгенімен, жүзеге аспаған еді. Алайда, байлық салығын салу туралы сөз Президенттің аузынан шыққан соң үкімет қозғала бастады. Енді нақты заң жобасы әзірленіп жатыр. Салық кодексіне байлық салығы енгізіліп, 2024 жылдан бастап жүзеге аспақ. Келер жылдың күзінде Салық Кодексі Парламент Мәжілісіне түседі деген жоспар бар. Еліміздің бас экономисі Әлібек Қуантыров республикалық бюджетке Ұлттық қордан тартылатын кепілдендірілген трансферт 1,4 трлн теңгеге азаяды дейді. Осылайша үкімет мұнай емес бюджет тапшылығын төмендету үшін салық түрін көбейтіп отыр.

Ал сән-салтанат салығында қымбат автокөліктерге салынатын салық айтарлықтай өседі. Қолданыстағыдай салық қымбат көліктің қозғалтқышының көлеміне емес, автомобиль құнына қарай салынатын болады.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ «Бізде негізінде байлыққа салынатын салық түрі бар. Мысалы,қозғалтқыш көлемі үлкен болса, прогрессивті шкала ескерілген, яғни оның көлемі үш литрден асқанда, көлікке қатысты тиісті салық бар. Ал, сән-салтанат салығын енгізу аясында біз көлік құнына қараймыз. Мысалы, көлік құны 200 мың доллар болса, онда бастапқы жарна кезінде бір реттік төлем немесе жыл сайынғы төлем болуы мүмкін. Сондықтан, көлік қозғалтқышының көлеміне қарай есептеу болмайды деген ойдамын»

Байлыққа салынатын салықты талқылау есік қағып тұрған қоян жылының бірінші тоқсанында басталмақ. Министр қазір дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін зерттеп жатырмыз дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.