Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыстық жаза

c 20:02, 08/09/2020 c 478

0:00 / 0:00

Экс –әкім Бергей Рысқалиевке қатысты сұрақ прокуормен өткен брифингте қайта қозғалды. 17 жылға сырттай сотталған Рысқалиевке дүние-мүлкі қайтарылып берілгенді. Тілшілер Бас Прокурордан мұның себебін сұрады.  Прокурордың айтуынша, оның адал еңбекпен тапқан мүлігі тәркіленді және қылмыстық іске еш қатысы жоқ.  Экс-әкім Рысқалиевтің мүлігін тізіп шығатын болсақ. Бірнеше жер телімдері, әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, офистер, пәтерлер, көліктер мен банктегі есепшоттары.

Атырау өңірін басқарған экс-әкім Бергей Рысқалиев ағасы, экс-депутат Аманжан Рсықалиевпен бірге шетелге қашып кеткен болатын. Қазір олар Англияны паналап жүр деген ақпарат бар.  Мұнайлы өңірді басқарған Рысқалиев майшелпекте отырды. Бірақ Жаңаөзендегі жағдай оның жұмыстан кетуіне түрткі болды. Бір бәленің боларын іші сезді ме, экс-әкім бірден Лондонға қашты.  Ақырында  оған  ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды. Тергеу ісі бойынша, ірі нысандардың құрылысынан, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден ақша жымқырған. Ірі бизнесті бопсалап, ақша алған деген айыптар бар. Осылайша Рысқалиев сырттай 17 жылғы сотталды. Енді Рысқалеивтің ісін қайта қарау қолға алынып жатыр. Оның активтері  қайтарылмақ .

Марат Ахметжанов ҚР бас прокурорының орынбасары - «Оның мүлкін тәркілеу алынып тасталды. Бұл оның осы жағдайға дейінгі адал еңбекпен тапқан мүлкі. Ол оның   ұйымдасқан қылмыстық топ құрғанға дейін тапқан мүлігі. Ол кезде сіз айтып отырған алдам бизнеспен айналысқан. Бұл категория біртіндеп тәркілеуден алынып тасталды».  

Әрине адамның адал еңбегімен тапқан жекменшігі Ата заңмен қорғалған.  Осылайша, маңдай термен тапқан байлығы экс-әкімге қайтарылып  берілмек.   Рысқалиевтің мүлігін тізіп шығатын болсақ. Бірнеше жер телімдері, әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, офистер, пәтерлер, көліктер мен банктегі есепшоттары.  Қылмыстық жазаны күшейту келетін болсақ, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың жазасы қатаңдатылады. Бұл Президенттің Жолдауында көрініс тапқанды. Педофильдің қылмысы аса ауыр қылмыс болғандықтан кейін  рақымшылыққа да ілікпейді.

Биыл балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар 8 пайызға өсіп отыр. Мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған бір баланы зорлау бойынша 60 қылмыстық іс қозғалған. Кінәлі адам сотталып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Прокурордың айтуынша, қылмыстық жәйттер, яғни эпизодттардың саны өскенімен, жәбірленушілердің саны артпаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.