Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыстық іс қозғалды

c 17:13, 20/11/2018 c 621

0:00 / 0:00

БҚО Жаппай балық қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шолақаңқаты өзенінде қайраңдап, қатып қалған шабақ саны 1 миллионға жуықтаған. Бұл жағдайға су қоймасында жөндеу жұмыстарын жүргізу себеп болыпты. Ал ауыл шарушылығы министрлігінің өкілдері жергілікті билік өз ісіне салғырт қарады деген пікірде.

Шолақаңқаты өзенінің жағасы әлі де абыр-сабыр. Оқиға орнына жеткен мамандар мұзға айналған өзенде қатып қалған балықтарды құтқарып әлек. Ауыл әкімінің айтуынша, сол күні жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен бөгет жасап, суды ағызып жібереді. Бірақ, жергілікті шенеунік мұнша балық бар екенін білмедік дейді ақталып.

Тимур Айтқалиев, Шолақаңқаты ауылдық аумағының әкімі:
-Су лай болды. Балық бар екенін білген жоқпыз. Алайда кешке білдік. Сол себепті ПМК-17 ЖШС қызметкерлерімен шабақ балықтарды құтқару бойынша жұмыс істедік. Кеш түсуіне байланысты келесі күнге қалдырдық.

Алайда, таңның атуын күтіп жүргенде күн күрт суытып, шалшық суда қайраңдаған шабақтар сеспей қатады. Әзірге есеп бойынша 1 миллионға жуық балық қырылған. Тіпті, төтенше іске полицейлер араласып, жіті тексеруге кіріскен.

Дархан Хайруллин, Сырым аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы:
-2018 жылдың 17-қарашасында ҚР қылмыстық кодексінің 336 бабы, балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Ал, ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдері ірі көлемде балық қырылуын орны толмас апат деп бағалады. Тіпті, күн суықта су қоймаларында жөндеу жүргізуге болмайды дейді министрліктегілер.

 

Сәкен Ділдахмет, АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы:
Қыстың күні мұндай өзен-суларда жөндеу жүргізу өте қауіпті. Біріншіден, ауа-райы күрт өзгереуі мүмкін. Яғни, бұл жергілікті мемлекеттік орган тарапынан жіберілген селқостық жағдайдың бірі.

Дүйім жұртты дүрліктірген оқиғаны бақылауға алған мамандар өз ісіне салғырт қарағандардың жауаптан сытылып кетпейтінін айтады. Сондай-ақ, шығын көлемі есептеліп жатыр. Ал, құзырлы орган өкілдері шулы жағдайдан соң барлық аймақтағы су қоймалары қатаң қадағалауға алынды дейді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.