Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыс саны азайған

c 17:15, 04/07/2019 c 696

0:00 / 0:00

Қазіргі уақытта Орал көшелерінде 97 бейнебақылау камерасы қойылған. Оған қоса «Қауіпіз аула» жүйесі бойынша 346 камера орнатылған. Осы камералардың көмегімен жыл басынан бері 48 қылмыс ашылған. Бұл туралы бүгін БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Қойсарыұлы мәлімдеді. Өткен жылмен салыстырғанда биыл өңірімізде тіркелген қылмыстар азайған. Қоғамдық орындарда тәртіп сақталуы қажет екендігі туралы айтылғанымен, қылмыстардың 30 пайызы осындай орындарда тіркеліп отыр. Барлық бағыттар бойынша полицейлер патрулін қою мүмкін емес. БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Қойсарыұлының айтуынша, құқық бұзушылықтың алдын алуының бір амалы - бейнебақылау жүйесін енгізу. Облыс орталыңындағы 100 ге жуық бейнебақылау құрылғысының көмегімен жыл басынан бері 48 қылмысты ашылған.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қаматамасыз етуде бейнебақылау жүйесінің көмегі зор. Жаңа жоба бойынша орнатылған камералар Бәйтерек ауданының жеті елдімекенін қамтиды. Бұлар - Мичурин, Асан, Дарьинск, Калининский, Үлкен шаған және Көшім. Жалпы 243 бейнебақылау орнатылған. Сонымен қатар дрондар арқылы бақылау жүргізіледі. Бұл қызметке барлығы 15 маман арнайы оқтылған.Жоба отандық әзірлеме болғандықтан, бағасы төмен. Әйткенмен сапасы жоғары деп сендірді компания өкілдері. Өйткені барлық жүйедегі артықшылықтарды жиып, осы жобаға топтастырған. Бейнекамералар да осы компанияның құрастырмасы. Айтуларынша, ол үшін әр түрлі өндірушілердің өнімдерін сынамадан өткізіп, ең жақсысын таңдап, өз камераларына ендірген. Бұл камералар қандай да болмасын ауа райына төзімді. Сондай-ақ компания алдағы үш жыл ішінде қажетті жаңа функцияларды қосып, жобаны жетілдіре түспек. Олардың құны шамамен 60 мың теңгені құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.