Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыс саны азайды

c 10:12, 17/10/2018 c 809

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға азайды. Бұл туралы бүгін полиция қызметінің кеңейтілген кеңесінде облыстың бас полицейі Мақсотқан Әбләзимов мәлім етті.

Мұндай көрсеткішке жету мамандардың кәсіби шеберліктерінің нәтижесі,- дейді сала мамандары. Сонымен қатар қызметті жетілдіруге электрондық жүйенің жетістігін пайдалану да себеп болған көрінеді. Өңірде әсіресе қасақана кісі өлтіру дерегі төмендеген.

Мақсотхан Әблазимов, БҚО ІІД БАСТЫҒЫ
Өзара бірлескен жұмыстың нәтижесінде 4 есірткі қызметімен шұғылданған қылмыстық топ құрықталды. Сондай-ақ, бүгінге дейін мал ұрлығымен шұғылданап бірнеше жылдан бері айлаларын асырып келген барымташылар тобының жолына да тұсау кесілді. Әсіресе, барымташалыар оңтүстік аудандарда мал ұрлығымен айналысып ізін жасырып келген болатын.

Еліміз бойынша қылмыстың ашылу деңгейі жағынан Батыс Қазақстан облысы алдыңығы үш аймақтың қатарана еніпті. Бұл ұрлық, зорлық, қасақаны кісі өлтіру, ұсақ бұзақылық сынды фактілердің ізін суытпай ашудың нәтижесі дейді сала мамандары.

БЕРІК АЙМҰРЗИН, БҚО ІІД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қылмыс санының азайуы көңіл көнішітеді. Десе де әлі де мәселе бар. Қазіргі таңда ұрлық қарлық деректері 100 пайыз ашылып, қылымыскерлер анықталуда. Биылғы жылдың 9 айында 54 қылымыстық топтың жолына бөгет қойылды.

Сонымен қатар биыл ішкі істер органдарын 300 ден аса полицей қызметкерлері қызметтен қысқартылады деген болжам бар. Мұны да сала мамандары жоққа шығармайды. Деседе бұл әлі нақты көрсеткіш емес көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.