Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыс пен жаза: 13 жылға бас бостандығынан айырылды

c 17:18, 22/10/2018 c 757

Орал қаласында Тасқалиев есімді азамат адам өлтірді деген айыппен он үш жылға сотталды. Оқиға осы жылдың сегізінші тамызында Шыңғырлау ауданына қарасты Шыңғырлау ауылында болған. Тасқалиев 3 досымен бірге ішімдік ішіп отырған. Сол кезде марқұм бір досымен сөзге келіп қалып, оқиға осылай басталады. Дастархан басында марқұм екі рет соққы алып, ұйықтап қалған. Араға уақыт салып, марқұм ұйқысынан оянып, дастархан басына келген кезде, сөзге келу тоқтамапты. Сол кезде сотталған азамат бір досын ас үйде пышаққа жұмсапты. Пышақты қасына қойған күдікті дастархан басында қазір екеуінің біреуің өлесің деп ескертіпті. Алайда, дауласқан қос азамат бітімге келмепті. Нәтижесінде күдікті марқұмның жүрек тұсынан пышақ салып, өлтірген. Сондай-ақ, сот күдікті марқұмның туыстарына 2 млн теңгені құрайтын моралдік және 375 мың теңгені құрайтын материалдық шығынды төлеп беруі керек деп үкім кесті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.