Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құс фабрика "Халал" сертификатына ие болды

c 16:47, 17/05/2019 c 1615

0:00 / 0:00

"Орал құс фабрикасы" әлем мойындаған "Халал" сертификатына ие болды. Аталмыш сертификат 45 елдің нарығына емін-еркін шығуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда құс фабрикасы тәулігіне 230 мың дана жұмыртқа алады.

"Орал құс фабрикасы" елімізде алғаш рет "Қазақстан Діни мұсылмандар басқармасының" жанынан құрылған "Халал" дамуы қорының арнайы сертификатына ие болды. "Халал" сертификаты 1 жылға беріледі. Аталмыш құжатқа ие болмас бұрын, кәсіпорын түрлі тексерістен өтіп, тауардың сапасын тексертеді. Сала мамандары құс фабрикасының хал-жағдайын білмек мақсатта, кәсіпорынның жұмысымен танысып, жұмысшыларға түсінік жұмыстарын жүргізу үшін арнайы Оралға табан тіреді.

"Орал құс фабрикасы" өз жұмысын 2003 жылы бастап, бүгінде аймақтағы ең ірі жұмыртқа өндіретін кәсіпорындардың біріне айналып отыр. Зауыт тәулігіне 230 мың данадай тұқым алады. Отандық өнім Батыс Қазақстан, Атырау мен Ақтөбе облыстарында саудаланып, көрші Ресей мен Өзбекстанға жөнелтіліп жатыр.

"Орал құс фабрикасының" келешекке құрған жоспары көп. Биыл аталмыш нысан қуаттылығын 20 пайызға арттыруды көздесе, келер 3-4 жылдың ішінде өндірісті 3 есеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құс фабрикасы жылына 70 млн дана өнім алса, келешекте бұл көрсеткіш 200 млнға көбеймек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.