Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БЫЛЫҚТАР

c 22:43, 14/02 c 78

0:00 / 0:00

Құрылыс кодексіндегі басты жаңалық- сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс нормалары болып отыр. Құрылыс вице-министрінің айтуынша, еліміздегі аумақтың шамамен 45 проценті соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелері бойынша сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатады. Сол себепті, құрылыс компаниялары сейсмикалық оқшаулағыш жүйелерді қолдануы, сейсмикалық қауіптілікті алдын ала бағалауды жүргізуі, құрылыс үшін алаңды таңдап, сынақтар жүргізіп, кешенді шаралар қабылдауы керек. Депутаттар өз тарапынан кодексті жобасын шик ідеп сынап, әу баста мектеп болып жоспарланған құрылыстың тұрғын үйге айналып кетіп жатанын айтты.

Вице-министр болса енді құрылыс саласын цифрландыру толық енгізілген соң мұндай келеңсіздіктер жол берілмейд ідеп жұбатады.

Мәжілісмен Бақытжан Базарбек болса аталмыш кодексте айтарлықтай өзгеріс жоқ деп сынады. жобалық жоспарлау жылына екі рет түзетіледі. Қоғам оған наразы болған. Құрылыс кодексінде осы түзеле ме десек, оны, өзгеріссіз қалдырдыңған. Ескі заңдағы құрылысшылардың мүддесін қорғайтын лоббистік нормалар жаңа кодекске көшірілген деп ашуланды. Депутат жақында лай көшкіні салдарынан Алматыда бір отбасы түгелдей көз жұмған еске салды. Не керек, Бақытжан Базарбек құрылыс министрлігінің дайындап әкелген заң жобасын реферат, курстық жұмыс, 200 беттік ақ қағаз деп те баға берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.