Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КӨРМЕ ӨТТІ

c 22:51, 11/08/2023 c 51

0:00 / 0:00

Елімізде тамыз айының екінші жексенбісінде құрылысшылар мерекесі тойланады. Биыл аталмыш мерекені тойлаудың ауқымын кеңейту мақсатында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі және жергілікті өндірушілердің құрылыс материалдарының көрмесі ұйымдастырылып отыр. Онда 30-ға жуық компания жылжымайтын мүлік пен өндірілетін құрылыс материалдарын таныстырды. Көрмеге қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев баспана құрылысын жүзеге асырып жатқан мекеме өкілдеріне тұрғын үй алдын абаттандыру, жол салу мәселесін қарастыруды тапсырды.

АСЫЛЫМ НҰРМҰХАМБЕТОВА

БҚО ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ  

БҚО іскер әйелдер қауымдастығы көрме аясында облыстық құрылыс басқармасымен меморандумға қол қойды. Қос тараптың келісімі негізінде кәсіпкерлермен бірлескен жоспарлы шараларды жүзеге асырмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.