Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылысқа қарсы

c 14:48, 11/08/2020 c 467

0:00 / 0:00

Жаңа орда шағын ауданын 3 мекенжайындағы көп қабатты үй тұрғындары үйлерінің жанына жүргізгелі жатырған құрылысқа қарсы. Олардың айтуынша, балалар алаңы мен көлік тұрағына қарастырылған аумаққа тұрғындар рұқсатынсыз 9 қабатты тұрғынжай бой көтермек. Қазір құрылыс жүргізілетін территорияның коммуналдық бөлігінде инженерлік жүйелер тартылуда. Сәйкесінше қазылған жерлер ашық, айналасы қоршалмаған, қауіпсіздік шаралары ескерілмеген. Осындай бірқатар мысалдарды алға тартқан 3-ші үйдің тұрғындары бұл аумаққа қандай да бір нысанның бой көтеруіне қарсы екендерін жеткізді.Мәселенің мән-жәйін білмек ниетте қалалық әкімдіктің құрылыс бөліміне хабарластық. Олар бұл орындағы бос аумаққа 9 қабатты үйдің құрылысы көп ұзамай басталатынын мәлім етті. Нысанның жұмыстарына жауапты «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ болып табылады. АҚ өкілдері болса аталған тұрғынжайдың ешқандай балалар алаңының немесе автокөлік тұрағының орнына емес, арнайы бос тұрған жерге салынатынын және қазылған аумақ бүгін арнайы қоршалатынын айтты.Көп қабатты үй құрылысы екі жыл ішінде аяқталатын көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.