Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс жұмыстарының аяқ алысы

c 16:52, 23/04/2020 c 507

0:00 / 0:00

Биыл республикалық санаттағы тас жолдарды жөндеу үшін 8,6 млрд теңге бөлінді. Республикалық маңызы бар тас жолдардың 35 шақырымына күрделі жөндеу қажет. Сала мамандары мамыр айында Чапаев-Жалпақтал-РФ жалғайтын тас жолдың жөндеу жұмыстары басталатындығын хабарлады. Өңір басшысы облыс аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының қалай атқарыларын, жұмысқа дайындықты пысықтап, басқарма басшыларымен онлайн түрде кеңесті.

Биыл 86 млрд теңгеге республикалық маңызы бар тас жолдар жөндеу көрмек. 35 шақырым тас жол күрделі жөндеу көрсе, 76-сына орташа деңгейдегі жөндеу жасалатын болады. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында "Қазавтожолдың" өкілдері хабарлады. Жиында сөз алған мамандар Чапаев-Жалпақтал және Ресей Федерациясын жалғайтын тас жолдың құрылысына тоқталды. Аталмыш нысанда жөндеу жұмыстары мамырда басталмақ. Сондай-ақ, жиында Атырау-Орал бағытындағы тас жол 4 учаскіге бөлінгені белгілі болды. Облыс әкімі Подстепный-Федеровка мен Ресейді жалғайтын тас жолдың құрылыс жұмыстарын сұрады.

Жолдан бөлек, биыл облыс орталығында арендалық 4 көпқабатты және ауылдық жерде 94 тұрғын үй салынады. 2020 жылы сатып алу құқығынсыз 643 пәтер азаматтарға табысталмақ. Несие бойынша берілетін тұрғын үйлерге тоқталсақ, қазіргі таңда 16 құрылысы жүріп және жоспарланып отырған нысан бар. 2215 пәтер қалада салынса, 40 үйдің құрылысы ауылдық жерде жүзеге асады. Сала мамандары бұл үшін 15,8 млрд теңге қаражат бөлінгенін айтады. Былтыр 585 пәтердің иесі қоныс тойын тойласа, биыл 1100-ден астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізбек. Сала мамандары жиын барысында Теректі ауданына қарасты Тоқпай ауылындағы құрылысқа тоқталды.

Жиында сөз алған облыс әкімі құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтау керектігін айтып, сапаны басты назарда ұстауды еске салды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.