Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс тоқтап тұр

c 17:39, 22/07/2020 c 471

0:00 / 0:00

Орал қаласында биыл 11 көп қабатты үйдің ауласы жаңғыртылып абаттандырылатын болады. Алайда республикалық қазынадан бөлінген қаражаттың кідіруіне байланысты бұл бағыттағы бірқатар жұмыстар тоқтап тұр.Неусипов және Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан көп қабатты бірнеше үйдің ауласын абаттандыру шаралары жаз шығысымен басталған. Алайда тұрғындардың сөзінше құрылыс жұмыстары сағызша созылып кеткен. Бүгінде жол бойына төселген қиыршық тастың үстіңгі қабаты жабылмай, қариялардың жүріп-тұруына қиындық тудыруда.Қалалық әкімдіктің мамандарының айтуынша аулаларды абаттандыруға қаражат республикалық қазынадан бөлінген. Мердігер құрылыс компаниясы тиісті шараларды уақытынан бұрын бастап кеткен. Сол себепті нақ осы шақта атқарылуы тиіс жұмыстарда кідіріс бар. Аталған аула қыркүйек айына дейін тұрғындар игілігіне пайдалануға берілетін болады. Биыл 11 көп қабатты үйдің ауласын жаңғырту жұмыстарына 400 млн. теңге бөлінген. Бүгінде 25-ші Чапаев дивизиясы 3-ші үй, 31-ші шағын аудандағы 9 көпқабатты үйдің ауласы және Солтүстік шығыс ауданы 46, 46/1 мекенжайындағы жұмыстар толықтай мәресіне жеткен. Екі үй ауласына құрылыс жүргізетін мердігер компания анықталу үстінде. Бұған дейін басталған жұмыстар күзге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.