Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс қарқыны

c 17:53, 23/12/2020 c 603

0:00 / 0:00

БҚО-да 17 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынуда. Олардың үшеуі Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласында болса, қалғаны облыс орталығында бой түземек.

Биыл БҚО-да 1610 отбасы қоныс тойын тойлады. Сала мамандары 2020 жылы 8 үйді іске қосуды жоспарлаған болатын. Оның екеуі жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған жандарға арналған. Жалпы биыл облыс аумағында 17 көпқабатты үйдің құрылысы жалғасуда. Сала мамандары соңғы жылдары қаладан бөлек, аудан орталықтарында да құрылыстың қарқын алғанын айтады.

Орал қаласындағы жаңа "Ақжайық" ауданында барлық инженерлік желілер тартылып, ішкі жолдардың жобалық сметалық құжаттары сараптамадан өтіп жатыр. Сала мамандары биыл жергілікті екі компаниямен шарт жасасып, олар келер жылдан бастап өз қаражаттарының есебінен он шақты үйді салуы тиіс.

Биыл облыс аумағында 18 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұл үшін мемлекет қазынасынан 12 млрд теңгедей қаражат бөліпті. Сала мамандары күні бүгінге дейін 5 нысан пайдалануға берілді,-дейді.

Әлеуметтік нысандардың ішінде ең маңыздысы саналатын жұқпалы ауруларға арналған аурухананың құрылысы биыл толықтай аяқталмақ. Аурухананың құрылысына 7 млрд теңге бағытталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.