Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күрмеуі күпті мәселе

c 18:21, 22/08/2019 c 615

0:00 / 0:00

Орал шаһарында кеше кешкілік су қысымы нашарлап, артынша мүлдем тоқтатылып, оралдықтар тағы да қолайсыздыққа тап болды. Судың уақытша тоқтатылатындығы туралы күні бұрын ескертілді. Ал себебі су тазалау құрылғысы аймағындағы құбырдың жаңа жабдықтау жүйесіне көшіріліп, жөндеу жұмыстарының атқарылып жатқандығында. «Батыс су арнасы» ЖШС-нің мамандары таратқан ақпаратқа сүйенсек, ауыз су бүгін түскі 12- ден бастап беріле бастаған. Қаланың шет аудандарында су қысымы кешқұрым жоғарылайды.Су тазалау құбырларын жаңғырту жұмыстары өте маңызды болғанмен тұрғындар үшін үлкен қиыншылықтар туғызды. Халыққа қолайсыздық жасамау үшін жауапты жұмысшылар жөндеу жұмыстарын түнгі мезгілде жүргізгенмен уақыттың тығыздығы мен жөндеу жұмыстарының қиындығы бұл қызметті біразға созған. Осы уақыт аралығында ауыз су тоқтатылып, межелі жұмысты белгіленген уақытта аяқтау мүмкін болмады дейді сала мамандары.Биыл бұндай жағдай осымен бірнеше мәрте қайталанып отыр. Бұған дейін де аурухана, балабақшы сынды әлеуметтік маңызы бар нысандар ауыз сусыз қалып, халыққа қолайсыздық тудырған. Ұрымтал тұсты пайдаланған кәсіпкерлер қара судың бағасын күрт өсіріп, дүкенде құтыдағы судың құны шарықтады. Тәуліктеп ауыз судан тарыққан халық бұндай жағдайдың қайталанатынын білетін жауапты орындар неге жағдайдың алдын алып, қамданбайды деп қынжылады. Қалалықтардың да уәждеріне құлақ аспасқа болмайды. Осыған дейін деркөл маңындағы коллектор бірнеше мәрте жарылып, 120 мыңнан астам оралдық тіршілік нәрінен тарылған еді. Осы орайда «Батыс су арнасы мекемесінің» мамандары апатты кәріз желісін толықтай жаңырту жұмыстары көп ұзамай басталатынына сендірді. Ал су қысымының төмендігін биылғы Жайық өзенінің арнасынан аса алмауымен тығыз байланысты көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.