Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚҰРМА МЕН СУ ТАРАТЫЛДЫ

c 17:38, 14/04/2021 c 780

0:00 / 0:00

Барша мұсылман қауымы асыға күткен рамазан айы да басталды. Мың айдан да қайырлы саналатын қасиетті Рамазанда жасалған әр жақсы амал мен ілкімді істердің сауабы артады. Осы орайда оразаның алғашқы күндері шаһардағы еріктілер жұмысы игі амалдармен басталды. Олар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілерге су мен құрма таратты.
Аталмыш шараны өткізу орны ретінде жолдың 8 бағыты таңдалған. Еріктілер погондылармен бірлесе аталмыш бағыттарда қатынайтын көліктерді тоқтатып, су мен құрмаларын ұсынды. 30 күн ораза ұстауды ниет етіп, ауыз бекіткен азаматтар мұндай тартуға риза болуда. Алғыстарын жаудырып жатты. Ал қайырымды іске атсалысқан погондылар ала таяқтарын тастап, ауызашарға асыққан көлік жүргізушілеріне айыппұл орнына су мен құрма таратуды жалғастырамыз дейді. Бірақ қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертуді ұмыт қалдырған жоқ.
Естеріңізге салсақ, Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні, ал 13 мамыр – Ораза айт күні. Биылғы пітір садақа мөлшері 420 теңге деп белгіленді. Садақа мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Оны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.