Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрбан айт

c 14:42, 28/07/2020 c 698

0:00 / 0:00

Осы жұмада күллі мұсылман қауым Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Биыл пандемияға байланысты құрбан шалуда біраз өзгерістер бар. Олар мынадай: Алла тағаланың разылығы деп ниеттенген мұсылман "құрбан 2020" сайты арқылы қойға тапсырыс беріп, құрбандықтың ақысы мен қасапшының ақысын шотқа аударады. Кейін мешіт төрт-түліктің етін мұқтаж жандарға таратып бермек.

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты Айт намазы оқылмайды. Және қала тұрғындары бұрынғыдай базарларға барып, қой таңдап, соя алмайды. Бұл шектеулердің баршасы карантин талаптарын сақтауға арналған. Оралдықтар 3 жерден қойды сатып алып, өз үйінде союына болады. Және биыл бірінші рет құрбандықты малды онлайн таңдап, етін мұқтаж жандарға үлестіріп беруге болады. Қазіргі таңда 50 адам сайтқа көмек сұрап, өтініш қалдырған.

Ауыл мен ауданның тұрғындары барлық санитарлық талапты сақтай отырып, үйлерінде құрбан шала алады. Мешіт қызметкерлері діни рәсімді орындап бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.