Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құран оқу сайысы

c 18:45, 15/05/2019 c 1781

0:00 / 0:00

Қасиетті Рамазан айында облыс орталығында орналасқан Тәжиден Батырұлы атындағы мешітте құранды жатқа және мәнерлеп оқу бойынша сайыс ұйымдастырылды. Аталмыш байқау кәмелет жасына толмаған балалар арасында болды. Ерекше сайыс 35 оқушының басын қосқан еді.

Тәжиден Батырұлы атындағы қалалық мешітте "Рамазан-Құран түскен ай" атты жасөспірімдер арасында құранды жатқа және мәнерлер оқу бойынша сайыс өтті. Аталмыш шара жыл сайын қасиетті айда ұйымдастырылып тұрады. Биылғы ерекшелік сайыстың кәмелет жасқа толмаған балалар арасында өткізуі.

Жастайынан құран жаттап, оны мәнерлеп айтуды үйренген бүлдіршіннің бірі-Әбдірахман. Бүгінгі таңда тоғыз жасар өрен қасиетті құранның 29 сүресін біледі.

Құранды жатқа және мәнерлеп оқу бойынша оқ бойы оза шауып, шеберлігін көрсеткен ең үздік қатысушы Ұмра қажылығына баратын сыйлыққа ие болмақ. Сондай-ақ, жүлделі орын алған балалар ақшалай сыйлыққа ие болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.