Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қураған ағаштар кесілуде

c 17:06, 10/06/2019 c 1490

0:00 / 0:00

Оралда құлайын деп тұрған ағаштар кесіліп жатыр. Сәуірдің басынан көшелер мен аулалардан 30 -дан астам қураған ағаш шығарылған. Коммуналдық қызметтер бірінші кезекте тұрғындардың өтініші бойынша жұмыс істеуде. Негізінен көшелерді ескі, қураған ағаштардан тазарту жұмыстары дәстүрлі түрде жыл сайын жүргізіледі. Былтырдың өзінде 100 ден астам терек кесіліпті. Өйткені құлайын деп тұрған ағаштар тұрғындар өмірі үшін қауіпті болып табылады. Демалыс күндері "Назарбаев" даңғылында екі қураған ағаш жол бойына құлаған. Абырой болғанда зардап шегушілер тіркелмеген. Биыл ескірген ағаштардың орнына шетен, терек, қарағай, қайың сынды мыңнан аса көшет отырғызылады. Айта кету қажет, көктем басталғалы ағаштарды кесу жұмыстары орталық көшелерде жүргізілді. Қураған ағаштарды кесу шаралары тұрғындар тарапынан болатын өтініш негізінде де жүзеге асады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.