Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күн сәулесінен қуат алады

c 16:40, 17/10/2019 c 683

0:00 / 0:00

Оралдағы Назарбаев даңғылы бойында электр энергиясына тәуелсіз бағдаршам нысаны іске қосылды.Шақырту құрлығысы бар бағдаршам нысанын жаяу жүргіншілердің өздері реттей алады. Бағдаршам энергияға тәуелсіз, яғни металл аркада орнатылған LED-нүктелі жарықтандыру жарықдиодтары күннен уақыт алады. Аталған нысанды «ЗенитТехСервис» ЖШС өз қаражаттарына орнатып отыр. Дайындағандар - ресейлік «НПФ Спектрон» ЖШС. Аталмыш компанияның коммерциялық директоры Гарри Бассавиннің айтуынша, Ресейде мұндай бағдаршам нысандары соңғы екі-үш жылдан бері қойылуда. Нысандағы тетікті басқанда ғана бағдаршамның жасыл түсі 30 секундқа жанады. Осы уақытта жүргіншілер жолдан өте алады. Қосымша тетіктер «102» және 103» қызметтерін шақырып, осы қызметтердің операторларымен сөйлесуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ нысанда бейнебақылау камералары орнатылған.Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 82 жол-көлік оқиғасы орын алып, 26 адам көз жұмған, 67-сі түрлі дене жарақатын алған. Бұл бірінші кезекте жаяу жүргіншілердің жолда жүру мәдениетінің төмендігінен екенін атап өту керек. Сондықтан жаңа бағдаршамның жол-көлік оқиғаларын азайтуға септігі зор болмақ. Қазіргі уақытта жаңа бағдаршам орналасқан Назарбаев даңғылы мен Алмазов көшесі қиылысында «Гаухар жолы» қоғамдық бірлестігінің еріктілері жүргіншілерге бағдаршам нысанын қолдануды үйретуде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.