Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құбырлар жаңартылуда

c 16:15, 02/04/2019 c 394

0:00 / 0:00

Облыс орталығындағы 3 шақырым ауыз су және кәріз су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Биыл 5 жобаға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Қаладағы ескірген су құбырларының орнын заманауи материалдардан жасалғандары алмастыруда. Құрылыс жұмыстарының алдыңғы легі басталып кеткен. Шмидт Айталиев көшесі бойындағы - 1600 метр аралықтың су құбыры мен Гагарин мен Жамбыл көшелерін қамтитын су құбыры 1968 жылдан бері жібі түзу жөндеу көрмеген.  Шаһардағы су жүйелерінің дені ескірген. Көбісі сонау 60-шы жылдары орнатылған. Ал, тұрғындар болса судың түсі сарғыш, қысым төмен деп шағымданған болатын. Құрылыс жұмыстары 30 маусымда аяқталатын болады. Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған жұмыстарға қазынадан 700 млн. теңгеден аса қаржы бөлінген. Яғни, шаһардағы 3 шақырымға жуық ауыз су жүйесі қайта қалпына келтірілмек. Жұмыстар кезең- кезеңімен іске асатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.