Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құбыр керек

c 17:12, 05/06/2020 c 386

0:00 / 0:00

Орал қаласының Матросова көшесінің жолы биыл жөндеу көрмек. Осы көшенің тұрғындары бұл қуанышты көп күтті. Бірақ тұрғындардың үйі көктем мен күзде жауын мен еріген қар суының астында қалуы мүмкін. Себебі көшенің тас жолы үйлердің іргетасынан бір метрге дейін биіктемек. Бұл өз кезегінде тұрғындардың мүлкіне зиян келтірмек.

Матросов көшесінің тұрғындарынан маза кеткен. Олар көктем мен күзде үйлері судың астында қалады ма деп алаңдап отыр. Аталмыш көшенің тас жолы жөнделіп, тақтадай асфальт төселмек. Азаматтар жолдың биіктігі үйіміздің іргетасынан жоғары, көшенің басынан келген су баспанамызды шайып кетеді деп дабыл қағуда. Тұрғындар жолдың жаңбыр мен еріген қар суының өзге жерге жинақталуы үшін арық немесе құбыр салып беруді сұрап отыр. 2017 жылы жасалған жоба бойынша аталмыш көшенің бойында құбыр қарастырылмаған.

Тұрғындардың талабын айтып қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мамандарына хабарластық. Мамандар жөнделіп жатқан Матросов көшесіне барып, мердігер компаниямен бірлесе құбыр орнататынын хабарлады.

Биыл күзде Матросов көшесінің тас жолын жөндеу жұмыстары аяқталмақ. Бұл үшін қазынадан 200 млн теңгедей қаражат бөлініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.