Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қуат көзін үнемдеу-қалтаға түсетін салмақты да азайтады

c 00:00, 01/04/2015 c 900

0:00 / 0:00

БҚО-да биылғы жылы энергия мен өзге де коммуналдық қызметтерді тұтынуға кететін шығынды азайту үшін балама қуат көздерін пайдалануға басымдық беріліп отыр. Қуат көзін үнемдеу-заман талабы. Осы талапты орындау мақсатында БҚО-да табиғи байлықты орнымен пайдаланып, шама келсе балама энергия көздерін қолдану үшін біраз жобалардың бағдарламасы құрылған. Бұл жөнінде энергетика және ТҮКШ басқармасы мәлімдеп отыр. Шаһарымызды жарық көзімен қамтып отырған "Жайық жарығы" ЖШС-де жаңа технологиямен жұмыс жасауға кіріскен. Еуразия даңғылының бойында жер үстімен тартылған биік те, ауыр бағаналар толықтай, жер асты желілеріне ауыстырылып, жол жиегіне 30 пайызға дейін энергия үнемдейтін шамдар орнатылған. Соның арқасында осы күнге дейін 50 млн. теңге үнемделіпті. Биылғы жылы жолдың екі қапталындағы осындай шамдар 2ші база аудандағы көпірге дейін қойылуы тиіс. Сарқылмайтын байлық жоқ. Сондықтан жері құнарлы қойнауы қазынаға бай еліміздің болашағына алаңдаған жан-үнемшілдікті өз отбьасынан бастағаны жөн болар. Құрылыс саласында да қуат көзін үнемдеудің артықшылары қолданыла бастады. Оған нақты мысал-жаңадан бой көтерген Қадыр Мырза Әлі шығармашылық кешені. Жаңа нысанның ерекшелігі сырт келбетінде ғана емес екен. Бір қабырғасына қаланған әйнек құрылғылары күн көзінен қуат алып, орталыққа қажет жарық көздерін балама қуатпен алмастыра алатынында болып отыр. Биылғы жылы аймақта құрылыс саласына 14 млрд. теңгеден аса қаржы бөлініп отыр. Олардың ішінде тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салу жоспары бар. Мамандар бұл бағыттағы жұмыстар кезінде де игі бастаманы басшылықта ұстаудың қажеттігін баса айтуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.