Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚУАНТЫРОВ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫНЫҢ ЖЕТКІЛІКТІ ШЕГІН ТӨМЕНДЕТУГЕ ҚАРСЫ

c 11:33, 25/11/2022 c 1112

0:00 / 0:00

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегін төмендетуге қарсы. Бұл жайында министр сенаттың дәлізінде тілшілерге берген сұхбатында айтты. Еске сала кетейік, кеше мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжан Жамалов бастаған топ, Үкіметке зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендетіп, инвестициялық табыстың бір бөлігін алуға мүмкіндік беруді ұсынған болатын.

Депутат Аманжан Жамалов зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендету керек деп есептейді. Мәжілісменнің мәліметінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) соңғы 12 айдағы табысы – 7,5%, ал инфляция – 18%құрады Бұдан нақты табыс теріс екенін көруге болады. Қор зейнетақы активтерін сенімді басқаруға 4 басқарушы компанияны тартқан. Оларға 9 млрд теңгеге берілді. Бұл барлық зейнетақы жинағының 1%-ына да жетпейді. Жамалов бұл жекеменшік зейнетақы қорлары емес, брокерлік компаниялар болып саналады. Үкімет Қаржылық нарықты реттеу агенттігімен бірлесіп, зейнетақы активтерін басқару нарығын оларды жекеменшік зейнетақы қорларына беру арқылы нақты монополиясыздандыру мүмкіндігін қарастыру қажет – дейді.

АМАНЖАН ЖАМАЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Үкіметке зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегін төмендету туралы мәселені қайта қарауды ұыснамын. Сондай-ақ осы тәжірибені ескеріп, жекеменшік зейнетақы қорларын тарту мен салымшылар үшін жаңа ынталандыру пакетін әзірлеу қажет. Мысалы, егер инвестициялық табыс инфляциядан асса, азаматтарға инвестициялық табыстың бір бөлігін алуға мүмкіндік беру шарт».

Алайда, еліміздің бас экономисі депутаттың пікірін бөліспейді. Ұлттық экономика министрі зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегін төмендетуге қарсы.

Өздеріңізге мәлім 2020 жылы перзиденттің шешімімен қазақстандықтардың зейнетақы жинағын түрлі мақсатқа, оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге төлем ретінде алуға мүмкіндік жасалды. 1млн 300 мыңнан астам азамат бұл мүмкінлікті пайдаланды дейді депутат Жамалов. Қазақстандықтардың арнайы шотына 3,2 трлн теңге аударылды. Олар бұл қаржыға бағасы шарықтап кеткен пәтер алып, емделді. Ал сәуір айында зейнетақы жинағының жеткілікті шегі көтерілгенде бұл бастама тоқтап қалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.