Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КОВИДТЕН КЕЙІН ЖАҢА АУРУ ТҮРЛЕРІ ПАЙДА БОЛУДА»

c 14:44, 22/02/2023 c 61

0:00 / 0:00

Коронавирус жұқтырып, ауырып шыққандарда жаңа ауру түрлері пайда болуда. Мамандардың айтуынша, ешқашан қант диабетімен ауырмаған адамда, ковидтен кейін осы ауру түрі пайда болуда. Кейбірінде жүйке жүйесі сыр берген. Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте инфекционистер қауіпті індеттен соң постковидтік сидром бойныша тексерістен өткен жөн деді. Өкінішке орай короновируспен ауырып жатқандар әлі де бар. Инфекциялық төсек-орын саны – 1747, қамтылған төсек-орын – 104-ті құраған. Республикада Омикрон ВА.4, ВА.5 нұсқасының – 99,5%, BQ. Ал Цербер нұсқасының – 0,5%-ы Астана қаласында анықталды. Белгілі болғандай, халықтың 81,1 пайызы індетке қарсы екпенің бірінші компонентін, 79,4 пайызы екінші компонентін салдырған.

Екі-үш жылдан бері әлем халқын әбігерге салған коронавирустің салдары бар. Дәрігерлердің айтуныша, ковидпен ауырған адамдардың жүйке жүйесі сыр бере бастаған. Науқастардың 80 пайызында Д дәрумені жетіспейді. Қауіпті індетпен ауырғандарда ұйқы безі, қан қысымы, бүйрек, асқазан аурулары сияқты бұрын-соңды болмаған асқынулар байқалады. Тіпті өант диабетімен ешқашан аурымаған адамда ковидтен кейін осы ауру түрі анықтаулда.

БАҚЫТ КӨШЕРОВА – ИНФЕКЦИОНИСТ «Адам ковидпен ауырған соң, өзгерістер пайда болуда. Бұрын соңғы болмаған қант диабеті анықталуда. Оның ковидке дейін қант нормасы ешқашан өзгермеген. Коронвирустан соң науқасқа постковидтік қант диабеті деген диагноз қойып жатырмыз»

Бүгінде тұмау мен ковидтің айырмашылығын білмей қалдық. Қазан айынан бері тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады дейді мамандар. 2022 жылғы 1 қазаннан бастап елде тұмаумен ауырғандар саны 3,5 млн науқасты құраса, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2,3 млн жағдай орын алды. Бұл дегеніміз66 пайыз. Яғни балалар көп тұмауратып жатыр. Дәрігерлер, осы аптада тұмау жұқтыру дерегі 11 жағдайға өскенін айтады. Қаңтар айныда басталған тұмаудың екінші кезеңі наурызда аяқталады деп жұбатады мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.