Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көші-қон мәселесі талқыланды

c 17:30, 28/02/2022 c 439

0:00 / 0:00

Облыстық прокуратурада көші-қон мәселесі талқыланды. Бұл қазіргі таңда өте өзекті проблемаға айналып отыр. Соңғы екі жылда құқық қорғау органдары уақытша тұруға рұқсаты жоқ және еңбек шартынсыз жүрген 4850 азаматты анықтады. Сала мамандары мигранттардың басым көпшілігі Өзбекстан мен Ресейден келетінін айтады. Прокурорлардың таратқан ақпарына сүйенсек, облыс бойынша көші-қон саласында 11 қылмыстық іс қозғалған. Олардың алтауы ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылып, екі іс бойынша сот болып, үш іс әлі тергеліп жатыр. Жедел-іздестіру шаралары барысында облыстық ұлттық қауіпсіздік департаментінің мамандары заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактісін анықтады. Тергеу барысында Қазақстан Республикасының 4 азаматы Өзбекстан азаматына Ресей Федерациясының аумағына кіруге тыйым салынғанына қарамастан заңсыз шекара кесуге көмектескен. Олар 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы аламыз деп уағдаласқан. Істі болған төрт азамат Өзбек азаматына көлік құралдарын, тұрғын -үй жайларды ұсына отырып, заңсыз шекарадан өтуіне көмектескен. Сот заң бұзған азаматтарды қылмыстық кодекстің 394 бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан шектеуге үкім кесті.

Сурет https://egemen.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.