Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көшелерге 40 камера қойылды

c 16:34, 19/10/2021 c 922

0:00 / 0:00

Оралдағы қауіпті бұрылыстар мен көше бойларына 40 бейнебақылау құрылғысы орнатылды. Бұл туралы БҚО ПД мамандары мәлімдеді. 23 қазаннан бастап бұл құрылғылар штаттық режимде жұмыс жасайды.Жол қозғалысының тәртібін сақтамайтындар мен жылдамдықты шамадан тыс асыратындар, шетелдік нөмірлі көлік жүргізіп, жүйткитіндерді тәртіпке салатын камералар іске қосылды. Аталған құрылғылар қос бағыт бойынша жылдамдықты асырғандарды және автокөліктер нөмірлерін, түсін, маркасын автоматты түрде анықтайды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері автоматты түрде өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл ұйғарымдары әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіміне енгізіледі.Бұл құрылғылар жол қозғалысын ретке келтіріп қана қоймай, түрлі құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларына да сеп болады. Мәселен, ПД-дегі жедел басқару орталығында 8 қызметкер болса, оның екеуі бейнебақылау құрылғыларын бақылаумен шұғылдады.Аталмыш құрылғылар арқылы сала жұмысы жанданып, сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесуге мүмкіндік болмақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.