Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көше атауларын өзгерту бойынша комиссия көпшілік тыңдау өткізді

c 17:31, 12/04/2021 c 798

0:00 / 0:00

Оралдағы кейбір құрамдас бөліктерді қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы өтті. Жиын күшейтілген карантиндік талаптарға сәйкес Достық үйінде онлайн форматта ұйымдастырылып, бірқатар ұжымдар мен зиялы қауым өкілдері талқылауға ZOOM бағдарламасы арқылы қатысты. Бұл жиын өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің, соғыс ардагерлерінің, облыс пен қаланың құрметті азаматтарының, ғалымдардың есімдерін көше атауларына беру туралы тұрғындардың, ардагерлердің, қоғамдық қорлардың ой-пікірлері негізінде өтті. Көпшілік тыңдауда қаладағы атаулары ескірген немесе маңызын жойған 11 көшені қайта атау ұсынылғанын жеткізілді. Атап айтқанда, Согласия көшесіне -Шәпет Қоспановтың, Тәуелсіздік көшесіне - Бисен Жұмағалиевтың, Светлая көшесіне - Базарбай Жұманиязовтың, Надежда көшесіне - Тұяқберді Шәмеловтың, Лиственная көшесіне - Жанғали Набиуллиннің, Букетная көшесіне - Сухан Қамаловтың, Лазурная көшесіне -Павел Букаткиннің, Ореховая көшесіне - Алдияр Рахметовтің есімдерін беру ұсынылған. Сонымен бірге Евразийская көшесін транскрипциялап Еуразия көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс түскен. Бұдан әрі көпшілік тыңдауға қатысушылар көше атауларын өзгертуге қатысты өз ойларын ортаға салды. Онлайн талқылауға қатысқан қалалық көпбейінді аурухана, Теннис орталығы, Оқушылар сарайы ата-аналары ұжымдары, аталған көшелердің тұрғындары, зиялы қауым өкілдері тарихи шаһарда танымал тұлғалардың есімдері, тарихи атаулардың пайда болатынына қуанышты екендерін жеткізді. Көпшілік тыңдауда айтылған ұсыныс-пікірлер заң талаптарына сәйкес хаттамамен рәсімделіп, облыстық ономастикалық комиссия арқылы республикалық ономастикалық комиссияға жолданады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.