Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОШАНОВ ТАҒЫ ДА МӘЖІЛІСТІ БАСҚАРАДЫ

c 11:05, 30/03/2023 c 69

0:00 / 0:00

Сегізінші сайланған мәжілістің төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Осылайша Қошанов бұл орынға екінші рет жайғасып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінің алғашқы пленарлық отырысы болып, депутаттар төрағаларын жасырын дауыс беру арқылы сайлап алды.

Сайлауда басым дауыспен жеңіске жеткен партияға палата төрағасы лауазымына үміткерді ұсыну артықшылығы берілген. Осылайша Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант бергеннен кейін, көпке созбай мәжіліс төрағасын сайлауға кірісті.
Ерлан Қошановтың кандидатурасын 98 депутат түгел бірауыздан қолдады. Журналистер алдына шыққан төраға осы лауазымға тағайындалатынын алдын-ала сезгенін айтты.

Бұдан соң, депутаттар палата төрағасының орынбасарларын да сайлап алды. Спикер Қошанов бұл лауазымға аманаттық депутат Альберт Рау мен "Ақ жол" партиясының өкілі Дания Еспаеваның кандидатураларын ұсынды. Мәжілісмендер екі үміткерді де қолдап дауыс берді.

Ал жаңа үкімет қашан жасақталады деген сұрақ қазақстандықтарды мазалап отырған басты мәселе. Аманат партиясы премьер-министр лауазымына кімнің кнадидатурасын ұсынатынын көпке созбай шешетін сияқты. Бұл мәселені партия фракциясында ақылдасып, шешпек.

Бұл Ерлан Қошановтың тізгіндеп отырған екінші шақырылымы. Сондықтан ол үшін мәжілісті басқару таңсық жұмыс емес. Бірақ бұл мәжіліс бұрынғыдай ықшамдалған үш партиялы емес, алты партиялы палата болып отыр. Сондықтан сегізінші шақырылым депутаттары қалай жұмыс істейді. Спикер ашық парламент боламыз деп сендіреді.

Ал Ақорданың хабарлауынша, ел үкіметі отставкаға кетті. Президент Қасым–Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Әлихан Смайылов бастаған министрлер кабинеті өз міндеттерін уақытша атқаратын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.