Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОС ПАГОНДЫ ӨЗЕНГЕ СЕКІРМЕК БОЛҒАН БОЙЖЕТКЕНДІ ҚҰТҚАРДЫ

c 17:09, 12/04/2023 c 137

0:00 / 0:00

9 сәуір күні БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Нұрбол Жанғалиев пен Арман Орынбасаров бейнебақылау камерасы арқылы Шаған су қоймасының бекеті маңында белгісіз адамның көпір астымен кетіп бара жатқанын анықтаған. Бойжеткеннің оғаш қылығын байқаған бойда оны көзден таса қылмауға тырысқан. Ізін суытып үлгерген қызды артынан іздеп шыққан мамандар өзенге секірмек болған сәтінде құтқарып қалды. Қос пагонды бұл ісін ерлік санамайды. «Өзгеге жәрдемдесу, өміріне араша болу - қызметтік борышымыз»,- дейді.

НҰРБОЛ ЖАНҒАЛИЕВ

БҚО МКҚБ №2 ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ))

Жыл басталғалы мұндай оқиға алғаш рет тіркелгені белгілі болды. Батальон қызметкерлері оқиғадан соң қамыққан жанды Абай полиция бөліміне тапсырған. Бұл фәниге келгеннен соң өлімнің дәмін тату заңдылық. Алайда Жаратқан сый етіп берген ғұмырды өз еркімен қию қоғамда белең алғалы қашан?!

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

ЛУНАРА АМАНҒАЛИЕВА

БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ

«Өз-өзіне қол жұмсау немесе әрекет жасауға тырысу тығырықтан шығар жалғыз жол десе қателескені»,-дейді психолог мамандар. Қолдау мен көмекті қажет ететін тұлғаларға психологтер үнемі жәрдемдесуге дайын. Алайда, адамның өзі құлық танытпайды.

ӘСЕМ ТУРЕЕВА

ПСИХОЛОГ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 10 қыркүйекте Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу күні аталып өтеді. Сала мамандарының мәліметінше, күрес шараларына қарамастан өмірден баз кешетіндерге тосқауыл болмай тұр.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.