Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қос қылмыскер 15 жылдан аса уақыт түрмеде отырады

c 16:51, 05/02/2019 c 854

0:00 / 0:00

Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  2018 жылдың 4 қазаннан 5-ші қазанға  ауған түні Хамзин мен Василевті өлтірді деген күдікке іліккен  Руслан Саникибаев пен  Арман Қамиевке үкім шықты. Сотта мәлім болғандай аттары аталған тұлғалар қоғамқа қауіпті  аса ауыр қылмысқа  барғандар болып саналады. Естеріңізде   болса аталған оқиға өткен жылдың күзінде орын алып, дүйім жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Аталған қылмыс Х. Чурина көшесі бойындағы жатханалардың бірінде болды. Бастапқыда Руслан Санкибаев, Арман Қамиев, Бекболат Хамзин  және Анатолий Васильев пәтер жалдап, ішімдік ішеді. Кейін,  Бекболат Хамзин рөмкілес достарына марихуана сатып ақша табу ісін қолға алу қажеттігін ұсынады. Бұл мәселе Руслан Саникибаевке ұнамай,  Хамзинді бетінен ұрып құлатып, соққыға жығады. Жағдайды реттемек болған  Васильевтің  бұл әрекеті  Арман Хамиевке ұнамай, ол Василевті ұрып құлатып, ас үй бұйымы табамен аяқ қолынан басынан ұрады. Осылайша өзара жанжалдың  ақыры орны толмас оқиғаға ұласады. Кейін, Санкибаев пен Қамиев  екеуінің өліп қалғанына көзі жетіп пәтерден қашып кетеді. Деседе, Руслан Санкибаев қылмыс орын алған пәтерге қайта оралып, бақилық болған Хамзиннің ұялы телефонын ұрлап кетеді.  Яғни, Руслан Санкибаев 15 жыл, алты айға, Арман Қамиев 15 жылға бас бостандығын қауіптілігі орташа мекемеде жазасын өтейтін болады. Сонымен қатар,  бұлардың жазасы өмір бойы басбостандыңғынан айыру жазасымен пара -пар. Міне осылайша жаза арқалаған қос қылмыскер 500, 500 мыңнан зардап шеккен отбасына материалдық өтемақы төлеуі тиіс. Судья атап өткендей қылмыскерлер өз кінәләрін ішнәра мойындаған. Сот төрешісі атап өткендей аталмыш қылмыс болған орында, алькоголді өнімдердің көп мөлшердегі құтылары табылған. Мұсылман жұрты ешқашан сау отырып, бір-біріне қол көтермек түгілі, ауыр сөз айтпаған. Мынадай кісі өлтіруге дейін баратын сорақылықтар, әрине, ащы судың зардабынан кейін орын алады. Аталған шешім әлі де заңды күшіне енген жоқ. Деседе қылмыстың өтеуі жаза екенін естен шығармайық

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.