Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қордағы өзгерістер

c 15:41, 14/05/2020 c 371

Әлемдік пандемия елдің экономикасына өз әсерін тигізуде. Вирустың таралмасы үшін елімізде төтенше жағдай жарияланып, бизнес субъектілері өз жұмысын тоқтатқан болатын. Төтенше жағдайға байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарналарды аударуда біраз өзгерістер енгізді. Мәселен, 2020 жылдың бірінші қазанында шағын және орта бизнес, ал 1-шілдеге дейін ірі кәсіпорындар міндетті сақтандыру төлемдерінен босатылды.

Осыдан біраз жыл бұрын еліміздің аумағында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры еніп, міндетті түрде жұмыс беруші мен жұмысшылар қорға тиісті төлем аударуы тиіс деп бекітілген болатын. Күні бүгінге дейін жұмыс берушілер жалақы қорынан әрбір жұмысшысы үшін 2 пайыз, жұмысшының еңбекақысынан 1 пайызды қорға аударып келген еді. Бірақ еліміздегі төтенше жағдайға байланысты төлем аудару жүйесіне өзгерістер еніп отыр.

ҚР азаматтары сақтандыру қорына тіркелуі тиіс Мемлекеттің өзі он бес категория бойынша жарна төлейді. Алайда қалған азаматтар қорға өздері ақша аударулары тиіс. Жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жандар ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бірыңғай жиынтықты төлемді төлеуі керек.

Облыс бойынша 2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап, 2020 жылға дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 10 млрд 106 млн теңгедей қаражат жиналған.

Сурет ғаламтордан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.