Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕН ШЫҚҚАН ӨРТ 2 АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚИДЫ

c 22:25, 31/08/2023 c 48

0:00 / 0:00

Есенжанов көшесі, 1/1 мекенжайындағы үйде өрт тұтанғаны жөніндегі хабарлама 31 тамыз күні таңғы сағат 04:19 шамасында түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері 18 адамды құтқарған. Сондай-ақ 27 тұрғын эвакуацияланған. Қызыл жалын тағы екі адамның өмірін жалмады.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

Көршілердің айтуынша, қаза болғандар азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар. Соңғы уақытта шайтан сумен достасып, мас күйде көзге жиі түскен көрінеді. БҚО ТЖД өрттің шығу себебі мен одан зардап шеккендердің жеке-басы анықталып жатқанын хабарлады.

АСХАТ ҚЫДЫРОВ

БҚО ТЖД КҮШТЕР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Қосалқы бөлмені шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 60 шаршы метрді құраған. Жұмсақ үй жиһаздары мен құрылыс заттары күлге айналып, ыдыс-аяқ қара түтінге боялған. Ішімдіктен босаған бөтелкелер жер-жерде шашылып жатыр. Шырт ұйқыда жатқан тұрғындар өрттің шығуына алкольдік өнімдер себеп болуы мүмкін деп болжам жасап отыр.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.