Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көп балалы анаға үй берілді

c 16:57, 25/02/2019 c 711

0:00 / 0:00

«Мейірімді  көктем» жобасы аясында Оралдық кәсіпкер «алтын алқалы» анаға 3 бөлмелі пәтер сыйға тартты. Жомарт жүректі  демеуші – «Қазхолл» ЖШС-ның құрылтайшысы Тимур Амин. 2006 жылдан бері Орал қаласында құрылыс жұмысымен айналысатын компания осыдан берер күн бұрын  Құрманғазы 198 мекенжайы бойынша жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында тұрғызылған көпқабатты үйді пайдалануға берген еді. Облыс әкімдігі ұсынысын қабыл алған кәсіпкер осы үйден Манар Бүркітоваға үш бөлмелі пәтер сыйлауға бел буыпты.  Көп балалы ананың өз шаңырағының кілтін қолына алғанға дейінгі көңілі алабұртып, қуаныштың  көз жасы да еріксіз ырық берілді. Жеті баланы бағып отырған отбасыға беріліп жатқан үш бөлмелі пәтердің аумағы – 90 шаршы метр. Газ, су, электр жүйесімен толық қамтылған. Орал қаласында Манар Кеңесқызы 16 жылдан бері пәтер жалдап келеді. Үш ұл, төрт қыз тәрбиелеуде.  Олардың алтауы №46 мектепте оқиды екен. Кенжесі – үш жастағы сәби. Үш жыл бұрын үй кезегіне тіркелген. Негізгі мамандығы мұғалім болғанымен, алтын алқа иесі ІІ топ мүгедек санатына жататын қызының күтімімен отыр. Отбасында жолдасы Ержан Бүркітов қана жұмыс істеп, отбасын асыруда. Қызмет бабымен бұл күнгі қунышты күнге отағасы қатыса алмады. «Қазхолл» ЖШС-ның құрылтайшысы Тимур Амин бұған дейін де қайырымдылық жасап, бірнеше спортшыға тегін пәтер алуға демеушілік жасаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.