Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кооперативке ақша салу қауіпті ме?

c 18:23, 18/06/2021 c 880

0:00 / 0:00

Бір топ оралдық тұрғын кооперативке ақша салып, үйлерін ала алмай жүр. Олар бар тапқан-таянған ақшасын салып, үй алу үшін кезекке тұрған. Азаматтар тіпті кооперативтің қызметі үшін деп шарт соммасының 10 пайыздық құнын да санап берген. 1 жылға жуық ай сайын шоттарына ақша салып келген. Енді салымшылар не үйімізді ала алмай, не салған ақшамызды қайтара алмай жүрміз деп шағымданып отыр.

Осыдан бір жыл бұрын Оксана Салаватова 8 млн. теңгеге үй сатып алу үшін "Пәтер хаус" кооперативімен келісімшартқа отырады. Кейіпкеріміз үйдің алғашқы жарнасы мен келісімде көрсетілген кооперативтің қызметі үшін деп төленетін шарт соммасының 10 пайыздық құнын да төлеп береді. Кейін бір жылдай ай сайын ақша салып отырады.

Оксана Салаватова, қала тұрғыны

-Мен 2020 жылдың ақпанында Пәтер хаус кооперативіне ендім. 20 пайыздық бағдарлама бойынша кезекке тұрдым. Мен 2 млн. 400 мың теңгедей ақша салдым. Ай сайын келісім бойынша белгілі бір сомманы төлеп келдім. Келісімшартты бұзбадым. Жиналыс ұйымдастырмады. Есеп берген жоқ. Келісім бойынша күту уақыты 12 айға дейін. Алайда не ақша, не жылжымайтын мүлік, не олармен байланыс жоқ, -дейді.

Оксана секілді Александр есімді азамат та үй алу үшін аталмыш кооперативке ақша салған. Ол 2019 жылы 6 млн. теңгеге келісімшарт жасап, ай сайын шотына ақша салып, жинайды.

Александр, қала тұрғыны

- 2019 жылдың қарашасында мен 1 бөлмелі пәтер алу үшін Пәтер хаус кооперативінің мүшесі атандым. Келісімшартты 1 жылға жасадық. Келісімшарттың барлық талаптарын орындадым. Ақшамды уақытылы салдым. Алайда жыл жарым уақыт өтті. Кезегім келгенде олар маған пәтер бермеді. Қазіргі таңда біздің ақшамызды да қайтарып беруден бас тартуда,- дейді.

Оралдық тұрғындар кооператив үстінен шағымданып, полицияға арыз жазған. Тәртіп сақшылары азаматтардан арыз түскенін, тергеу басталғанын айтады. Күні бүгінге дейін осы кооперативке қатысты 30 арыз-шағым қабылданған.

Дармен Ізбасаров, БҚО ПД шұғыл-тергеу тобының басшысы

-БҚО ПД тергеу басқармасы «Пәтер хаус» тұрғын үй-құрылыс кооперативі мен «Пәтер он» тұтынушылық кооперативіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталмыш дерек 194 баптың 4-ші тармағы аса ірі көлемдегі жасалған алаяқтық бойынша біріңғай сотқа дейінгі риесторда тіркелді. Қазіргі таңда кооперативтің заңды жұмыс жасауына байланысты бірқатар тергеу амалдары жүріп жатыр. осы кооперативтің жұмысы заңды ма деген еліміз бен облыс тұрғындарынан 30 шақты адамның арызданғанын  атап өткен жөн,-дейді.

Кооператив өкілдеріне телефон арқылы хабарласып, мән-жайды сұраған едік. Алайда компания өкілдері қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Бүгінге қолайлы талаптармен үй алып береміз деп сендіретін осындай кооперативтерге ақша салмас бұрын азаматтар нені ескеруі керек деген сауалды адвокад Бауыржан Ахметжанға жолдап көрдік. Құқық қорғаушы ең бастысы барлық құжаттарды жіті тексеріп, тиісті мекемелерден анықтама сұрауға кеңес береді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.