Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоныс той!

c 17:43, 22/02/2019 c 696

0:00 / 0:00

Орал қаласында 9 қабатты үй пайдалануға берілді. Бұл баспана мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында бой түзеді. Нысанның құрылысы 2017 жылдың шілдесінде басталды. Айта кетейік, бұл тоғыз қабатты үйдің орынында бұрын ескі , апатты деп танылған үй болған еді.

Құрманғазы көшесі 198 мекен-жайында орналасқан тұрғын үй салтанатты түрде табысталды. Аталмыш тұрғын үй мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасының аясында бой түзеді. Нысанның құрылысы 2017 жылдың шілдесін басталып, өткен жылдың тамызында аяқталған. Азаматтардың қуанышын облыс әкімі бөлісті.

Жаңадан сәулеті келіскен ғимарат ертеректе, апатты деп танылған, тозығы жеткен, тұрғындардың өміріне қауіп төндірген баспананың орынына тұрғызылды. Мердігер компанияның өкілдері тұрғындар бізге сенімсіздікпен қарап, құрылыстың қашан аяқталатынын жиі сұрайтын,-дейді.

Жаңа нысан 64 пәтерлік. Кезінде, апатты тұрғын үйде өмір сүрген тоғыз отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болды. Қалған пәтерлер банктер арқылы саудаланыпты. Пәтер кілтіне ие болған жандар қуаныштарымен бөлісіп жатты.

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 40 астам тұрғын үй апатты деп танылған. Күні бүгінге дейін облыс орталығында мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасының аясында 4 көп қабатты тұрғын үй азаматтарға пайдалануға берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.