Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Конституция күнімен құттықтады

c 17:31, 29/08/2019 c 751

0:00 / 0:00

Бүгін Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филормонияда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік бас қосуда шаһар басшысы Абат Шыныбеков тұрғындарды Конституция күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметкерлердің бірқатарына алғыс хаттар табыстады. Ата Заң Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі және елдегі қоғамдық-саяси жүйенің негізі, қоғамымыздағы тұрақтылықтың кепілі болып табылатындығына тоқталған қала басшысы мұның барлығы елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатың жарқындығы мен елдегі татулықтың арқасы екендігін айтып өтті. Мереке қарсаңында Абат Абайұлы салтанатты түрде қаламыздың дамуы жолында уақытпен санаспай еңбек етіп келе жатқан сала мамандарын құттықтап алғыс хаттар табыс етті. Олардың арасында құқық қорғау органдарының өкілдері мен мемлекеттік кірістер саласының қызметкерлері бар. Мерекелік жиында патриоттық әндер шырқалып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.