Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кондуктор жұмыстан қуылды

c 18:34, 25/01/2019 c 623

0:00 / 0:00

23 қаңтар күні Оралдың Зашаған кентіне қарасты «Арман» шағынауданында 3 сынып оқушысын аязды күні автобустан түсіріп кеткен кондуктор жұмыстан шығарылған. Бұл туралы "УралТехСервис» ЖШС басшысы Александр Боклан мәлімдеді. Осы орайда түсірілім тобымыз аталған қоғамдық көлік қызметкерлерімен тілдесіп оларды сөзге тартып көрді. 

Бұған дейінгі жариаланған ақпарт көзіне сенер болсақ, №10 мектепте оқитын Ерасыл Ризоков №2 бағытпен жүретін автобусқа сабақ біткеннен кейін сағат 18.15 шамасында мінген. Қалтасында жолақы төлеуге 40 теңгесі болмаған баланы кондуктор аялдамадан түсіріп кеткен. Өкінішке орай, жолаушылардың арасында ешкім көмек қолын созбапты.Қараңғы түсіп кеткендіктен, оқушы үйлерді жобалап жүріп ақыры өз үйін тапқан. Оған дейін ата-анасы мектептен, мұғалімдер мен оқушылардан сұрап, сабылып іздепті. Мәселенің мән жайы туралы "УралТехСервис» ЖШС басшылығы былайша ақпарат берді.

АЛЕКСАНДР БАКЛАН, УРАЛТЕХСЕРВИС» ЖШС БАСШЫСЫ:  - Қызметкерлердің айтуынша оқиға мүлде жоғарыдағыдай өрбімеген. Аталған оқушы автобусқа отырғаннан соң, контаралер келесіде жол ақысын төлемесең алып кетпейміз деп ескерткен. Сошдан қорыққан болуы керек, оқушы көліктен түсіп үйіне жаяу барған. Деседе ол кондуктор қызметтен босатылды. Мұндай мәселе бұрын соңды болған жоқ.

Осы орайда №2 қоғамдық көлік қызметкерлерін сөзге тартқан едік. Қызмет көрсетушілердің сөзіне сенер болсақ, олар ешқашан кешқұрым балаларды жолда қалдырмауға тырысады.
Қалай болғанда да қыстың көзі қырауда баланы 40 теңгеге бола далаға тастап кетуге бола ма? Неге осындай аязды күндері мейірімділік танытпасқа.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.