Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚОЛЫҢЫЗДАН КЕЛМЕЙДІ ЕКЕН»

c 09:57, 13/07/2021 c 944

0:00 / 0:00

Елде орын алған жұт, ауыл шаруашылығы саласының ішкі нарықты негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ете алмау,  маусымдық қымбатшылық пен делдалдық әрекеттердің ашық болмауы ауыл шауруашылық министрі Сапархан Омаровтың отставкаға кетуіне себеп болды. Малы қырылған шаруалар үкіметтен қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялап, зардап шеккендерге нақты жәрдем көрсетуін сұрап отыр. Олар жұт келетіні көктемде-ақ белгілі болған дейді.Қасым-Жомарт Тоқаев «бұл шаруа қолыңыздан келмейді екен» деп министрді қызметінен босатты.  "Жұмыс істей алмаған" ауыл шаруашылығы министрін орнынан алған Президент "мемлекет шаруаға қажет көмекті көрсетеді" деп уәде етті. Үкіметке төтенше жағдайлар резервінен шаруаларға көмек қолын созуды тапсырды.

Кеше ғана жылы орнымен қоштасқан экс-министр  Сапархан Омаров ел есінде қуаңшылықта қол қусырып отырғаны үшін қызметінен қуылған министр ретінде қалатын болды. Кезінде  Жәнібек Кәрібжанов деген министр шегірткенің шабуылына тойтарыс бере алмай, креслосыз қалғаны есімізде.  Өкінішке орай Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында орын алған  жұт халықтың ашуын тудырды. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қуаңшылықтан ауыл шаруашылығы қатты зардап шегіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, ауа-райының қолайсыздығына қоса болжам жасау жұмысының тиімсіз болды. Бір ғана Маңғыстаудың өзінде жаппай қырылған малдың саны 3 мыңға жетті. Аймақтарда бір тонна шөптің орташа бағасы 23 мың теңге, ал кей өңірлерде 42 мың теңге болды деді мемлекет басшысы. Не керек  осындай дағдарыс кезінде оны шешу жолын таба алмаған  Сапархан Омаровты қызметінен босатты. Үкіметке төтенше жағдайлар резервінен шаруларға қолдау көрсетуді тапсырды.

Шаруалар Үкіметтен бір айдан бері төтенше жағдай жариялауды сұрап келді. Малына беретін жем-шөп тапшылығын сезінді. Үкімет  мың ойланып, Президенттің аузына қарап отырғанда  қазақстандықтар малы қырылған өңірдегі шаруаларға  жем—шөп жинап жіберіп жатыр. Осылайша халық өз қотырын өзі қасып қалды.

Қуаңшылықтың салдарын жергілікті халық қазір көріп жатса, бүкіл Қазақстан қысқа қарай сезінуі мүмкін. Себебі, баға артады, ет қымбаттайды дейді сарапшылар.Ауыл шаруашылығы саласының ішкі нарықты негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ете алмауына қатысты айтылып жатқан сын көп. Маусымдық қымбатшылықтың өзі елдің есін шығарды. Бағасы шарықтаған картоп пен сәбіздің жыры әлі біте қойған жоқ. Сауда министрі Бақыт Сұлтанов болса шетел асып картоп жинап жүр.  Елде әлі күнге дейін көкөніс сақтайтын қоймалар салу мәселесі толық шешімін таппаған.  Үкімет пен әкімдіктер бұл шаруаларды тындыруы керек. Ал экс-министр Сапархан Омаровтың орнына міндетін атқарушы ретінде тағайындалған, осы кезге дейін қаржы министрінің орынбасары болып істеген Ербол Қарашөкеевтің күн-түнсіз жұмыс істеуіне тура келеді. Ақша санап келген маман, ауыл шаруашылығында іс тындырса игі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.