Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоқысты тазалауға кім жауапты?

c 17:57, 27/03/2019 c 839

0:00 / 0:00

Көктем туып тұрғындар қыстан қалған күл қоқырды далаға шығаруда. Мәселен тұрмыстық қалдықтарды бұған дейін қалың қардаң салдарынан тазартылмаған болса бүгінде бұл мәселе шешімін тапты. Бірақ «Орал таза сервис» ЖШС қызметкерлері тағы бір түйткілді жәтпен бетпе-бет келіп отыр. Енді қалалықтар қалдықтарды контейнерге емес керісінше жанындағы алаңқайға лақтыруда. Бұл орайда сала мамандары қызмет көрсетуге қауқарсыз, өйткені арнайы техника жоқ екен.  Мәселен, бұл Ларина көшесі бойындағы тұрғын үй ауласы. Өздеріңіз көріп тұрғандай қоқыс тастайын арнайы орынның маңы күл-қоқырға толы.  Тұрғындар болса кімге шағымданарына білмей отыр. Өйткені «Орал таза сервис» ЖШС қызметкерлері қоқыс контейнерлерін уақытылы  тазартып әкеткен.Фрунзе көшесінің бойындағы бұл жер бейне бір қоқыс палигоны ма дерсің, өлген ит пен мысықтың қаңасы осы жерде жатыр. Сала мамандары болса бұл жердің конейнерлері үнемі тазартылатынын, есесіне жеке кәсіпкерлер бұл орынға көліктерімен келіп тұрмыстық қалдықтарды тастап кететінін айтады. Мұны тұрғындар да жоққа шығармай отыр. Ал қала бойынша бүгінде 2500 қоқыс контейнері бар. Олардың  1500-і шұғыл түрде ауыстыруды қажет еді. Ал облыс орталығына кем дегенде 4000 мың контейнерді қажет екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.