Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоқыс полигондарын тазарту жұмыстары басталды

c 17:15, 30/07/2021 c 1527

Үкімет басшысы Асқар Мәминнің тапсырмасына сәйкес барлық атқарушы билік өкілдері ауыл-аймақ, қаладағы бекітілмеген қоқыс полигондарын тазалауы керек. Осы тапсырманы орындау үшін Бәйтерек ауданына қарасты Асан ауылында үш бірдей қатты тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс материалдары тау болып үйілген полигонды тазарту жұмыстары басталды.

Тазалық жұмыстары басталған Асан елдімекенінде 3 заңсыз полигон анықталыпты. Мұнда көбінесе құрылыс материалдары мен тұрмыстық қатты қалдықтар тасталған. Округтің әкімі іңір қараңғылығы мен түнде заңсыз орынға қоқыстың көп тасталатынын айтады.

Экология департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, биыл ғарыштық мониторинг жүргізілген. Аталмыш зерттеу тек облыс орталығынан 50 шақырым радиустағы аумақты таспалапты. Мониторинг нәтижесінде 193 рұқсатсыз қоқыс тастайтын орын анықталған. Сала мамандары жыл санап қала маңындағы қоқыс полигондарының саны азайып келеді,- дейді.

Премьердің тапсырмасына сәйкес заңсыз қоқыс полигондарының барлығы 1 айдың ішінде тазалануы тиіс. Бірақ бұл тапсырма уақытылы орындалады ма, әлде түрлі сылтаумен кейінге шегеріле ме, ол жағы уақыттың еншісінде болмақ. Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша белгіленбеген жерге қоқыс тастасаңыз әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жауапқа тартыласыз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.