Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫН ЕМЕСПІЗ»

c 17:21, 24/01/2023 c 99

0:00 / 0:00

Су тасқынына толық дайынбыз деп айту қиын. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкіметте өткен отырысында осылай деп мәлімдеді. Бас құтқарушының айтуынша, алдағы көктемде 255 ауылды су басу қаупі төніп тұр. Қазақстанда 127 мыңнан астам үй су басу қаупі аймағында орналасқан. 700 мыңнан аса адам судың ортасында қалуы мүмкін.

Аузы күйген үрлеп ішеді демекші. Әдетте су тасқынына сақадай саймыз деп есеп беретін шенеуніктер бұл жолы жағдайды шынайы жариялап отыр. Бас құтқарушы Юрий Ильиннің есебі көңіл қоншытпайды. Биылғы көктем әбігерге салайын деп тұр. Өңірлерде 700 мың адам су тасқынына бетпе-бет келуі мүмкін.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТЖМ "Бүгінгі таңда су басу қаупі аймағында 255 елді мекен бар, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат. Тәуекелі жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады. Көктемгі су тасқынына өзен арналарының толып кетуі мен балдырлануы, дренаждық-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үйлерді салу себеп.

Тағы бір проблема- тасқын су автожолдарды бұзып, көлік қозғалысын тежейді. Бүгінгі таңда республика бойынша 482 автомобиль және алты жүзден астам теміржол учаскесіне су жайылуы мүмкін. Кей өңірлерде жылда суда қалатын ауылдардың мәселесі биыл да қайталанбақ. Министр айтқандай, Қарағанды облысындағы Нығман ауылы жылда әкімдік наразынан тыс қалады. Биыл да бұл ауылдың халқы азық-түлігі мен дәрі-дәрмек қорын алдын ала дайындап жатыр. Себебі, облыс әкімдігінен қайыр жоқ. Юрий Ильиннің мәліметінше, облыс әкімдіктері тасқын судың алдын алу шараларына бөлінген қаржатты толық игермеген немесе қаржы дер кезінде бөлінбеген деп отыр. Бір сөзбен айтқанда әкімдер жылда қайталанатын су тасқынына дайындықты толық қамтымай отыр.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТЖМ «Әкімдіктер тарапынан осы мәселені елемей отырғаны байқалады.Су тасқыны салдарынан жылда оның салдарын жоюға бөлінетін қаржы көлемі артып отыр. 2022 жылы су тасқыны салдарын жоюға 7,6 млрд теңге жұмсалды. Бұл Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Аққтөбе, Жамбыл және Қарағанды облыстары.Бүгінде су тасқыны жағдайына толық дайындық туралы айту мүмкін емес».

Ал индустрия министрлігі су тасқыны кезінде тұрғындарды тасымалдау үшін 1603 вагонды әзірлеп қойыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.