Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көктемгі әскерге шақыру науқаны пысықталды

c 16:47, 24/02/2022 c 544

Облыс орталығында 800-ден астам оралдық жас әскерге баруға құлықсыз болып, бой тасалап жүр. Тіпті 100-ден астам азаматты іздеу жұмыстары басталыпты. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында қорғаныс істері басқармасының бастығы мәлімдеді. Қорғаныс саласының бастығы бұдан өзге проблемаларды да жіпке тізді.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны алдында құзырлы органдардың мамандары бас қосты. Басты мақсат-Оралдан әскерге 200 сарбаз жіберу. Алайда өткен жылы бұл меже тек 88 пайызға ғана орындалыпты.

Жиында сөз алған қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы біраз проблемаларын жеткізді. Ол Отан алдындағы борышын өтеуге асықпайтын ерлерді үй-үйден іздеуде көліктің бірде сынып, бірде босамай қалатынын айтып қынжылды. Бұл іздестіру жұмыстарына кедергі келтіретін көрінеді. Және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы жоқ жас сарбаздардың проблемасын көтерді. Емханаға барса, олардан бір жылдың ақысын төлеуді сұрайды. Бұл ақы 20 мың теңгеге жуықтайды. Ал жас сарбаздардың қолында мұндай қаражат болмай жатады. Басқарма бастығы кадр мәселесін де тілге тиек етті. Және ғимаратты жөндеп беруге назар аударуды сұрап, театр киім ілгіштен басталса, әскери қызмет сарбаздарды борышын өтеуге шақыру рәсімінен басталатынын атап өтті.

Көктемгі әскерге шақыру науқанын талқылаған шенділер Отан алдындағы борышты өтеу үшін ақпараттық жұмысты күшейтіп, тиісті тапсырмаларды орындаймыз деп тарқасты. Жиын соңында еңбегі сіңген әскери қызметкерлер мен ауған соғысы ардагерлері медальдармен, төс белгілермен марапатталды.

Сурет https://tengrinews.kz/ сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.