Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көктайғақ, сақ болыңыз!

c 17:16, 29/11/2018 c 693

0:00 / 0:00

Үстіміздегі апта қар аралас жаңбырмен басталып кешелі бүгін ауа райы күрт суытып нәтижесінде еріген қар суы қатып көк тайғақ орын алды. Кешеден бері облыстық аурухананың таравматалогия бөліміне келушілер қатары артқан. Олардың көбі қала орталығының көшелерінде құлап, жарақаттанған.

ЛЮБОВЬ ГЛУБИНОВА,РЕНТГЕНОЛОГ ДӘРІГЕР: - Осы аптаның екінші күнінен бері облыстық аурухананың бөліміне 278 адам ем алды. Ал кешеден бері 238 адамның бас сүйегін сәулелі тексеруден өткіздік. Мәселен кеше жол көлік оқиғасы бірнеше рет орын алды. Көп жағдайда балалар келіп жатыр.

Оралдықтар болса тек ауа-райында емес,-дейді. Пайымдауларынша, қала көшелеріне құм төсеу жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмейді.Коммуналдық қызметкерлер жұмысы жанданған. Қала көшелері бойында құм мен тұз жаяу жүргіншілер жолына екі ауысыммен себілуде. Ал полиция қызметкерлері осындай құбылмалы ауа райында жаяу жүргіншілер жолағының өзі адам үшін қауіпті болуы мүмкін екенін айтады.

ДИНАРА АБДУЛХАЛЫҚОВА, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: - Қазір жолдан өткенде де сақ болған жөн. Өйткені жылдамдықпен келе жатқан көлік бірден тоқтай алмауы мүмкін. Сол себепті жолдан өтер кезде жан жаққа қарап өткен жөн.

Сақтықта қорлық жоқ, сол себепті сала мамандарының кеңесіне құлақ түрейік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.