Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көк мұзға тайып жығылғандар көп

c 15:16, 24/01/2022 c 1069

Орал қаласында көктайғақтан жығылып құлаған жандардың қарасы қалың. Қалалық көпбейінді ауруханаға 4 күннің ішінде түрлі жарақат алған 100-ге жуық адам жеткізілген. Ақ халатты жандар болса көк тайғақта сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Бұл- Андрей Дубовский. Ол көктайғақта құлап жығылып, жарақат алған. Жерден таяқ жеген азаматтың қолы сыныпты.

Осы ер азамат секілді қалалық көпбейінді аурухананың қызметіне 4 тәуліктің ішінде 94 адам жолыққан. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген 7 науқас ауруханада тиісті ем-дом қабылдап жатыр.

Дәрігерлер көктайғақта барынша сақ болуға шақырады. Әсіресе, егде тартқан жандарға абай болған абзал. Коммуналдық саланың қызметкерлері жаяу жүргіншілер жолағы мен тас жолдарда таймас үшін тұз бен құмнан жасалған реагент жасап шашуда. Десек те беті мұзға айналып, көлік табан тірей алмайтын күйге жеткен жолдар жетерлік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.