Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық тәртіп - баршаға ортақ

c 17:01, 03/03/2020 c 496

0:00 / 0:00

Қала орталығында олқылық көп. Мемлекеттік атқарушы органдар орталық базар аумағына тәртіп ұғымын ендіріп әлек. Көктем келіп, қар еріген соң, қоқыс үйінділері көзге түрпідей көрінері анық. Сол себепті қазірден бастап мониторингтік топтың өкілдері кәсіпкерлермен жұмыс жасауды бастап кетті. Олар ғимарат айналасын таза ұстамағандарға ескерту жасаса, ал ескертуді ескермегендерге бірден айыппұл салуда. Жыл басында мониторингтік топ шаһардың 141 сауда орталығында тексеріс жұмыстарын жасаған екен. Ақпан айының өзінде 107 орталық мониторнгтік топ назарына ілініп отыр. Бастама жалғасу үстінде. Көктемнің алғашқы күндері жасалған тексерісте олқылықтар шаш етектен. Қоқыс үйінділері мен жыртылған баннерлер жиі кездесетін проблемалар санатында. Мұнымен қоса, орталық базар маңындағы сауда орталығының біразында қоқыс жәшіктері атымен жоқ.
Рейдтік шарадағы кәсіпкерлерге бағытталған кез келген ескерту орындалуы үшін 3 тәулік уақыт беріледі. Кейін нысан қайтадан тексеріледі. Кез келген елде тәртіп пен тазалық орнатудан, жинақы ауладан, таза көше және жарқын жүзді адамдардан дамыған қоғам құралады. Ал тазалық пен ұқыптылық әрбір адамның туған мекеніне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.