Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық көліктің қордаланған мәселесі

c 17:10, 15/03/2019 c 797

0:00 / 0:00

Өңірлік кеңеске келген Оралдық тасымалдаушылар 80 теңге көлеміндегі жолақы шығындарымызды жаппайды деп мәлімдеме жасады. Тасымалдаушы компаниялардың есебі бойынша тарифтің бағасы 186 теңге құрауы керек. Немесе атқарушы билік өкілдері 3 млрдқа жуық қаражатты кәсіпкерлерге беру керек. Ал, қоғамдық көлік иелері биыл ешқандай субсидия алған жоқпыз,- дейді. Әкімдік қызметкерлері өз кезегінде жүргізушілердің қателіктерін жіпке тізіп, келісімшарттың орындалмайтынын алға тартады.

Оралда тасымалдау ісімен айналысатын 6 компания бар. Қоғамдық көліктің иелері 80 теңге көлемінде тариф шығындарымызды өтемейді деп отыр. Соның салдарынан, автобустарды жаңарту, оларды жөндеу мен жүргізушілерге мардымды жалақы төлей алмай отырған көрінеді. Ал, шығынды тариф арқылы жабу үшін жолақы құны бір жолаушыға шаққанда 186 теңге болуы керек. Соңғы рет жолақы 2017 жылы 60 теңгеден 80-ге дейін өскен еді. Сол кезде шығындардың есебі 165 теңгені құраған. Тасымалдаушылар 106 теңгенің айырмашылығын атқарушы билік субсидия арқылы төлеп беруі керек деген пікірін ортаға салды. Қазіргі таңда алты компанияның төртеуі автобус жаңалағаны үшін мемлекеттің қолдауына ие болған. Мәселен, автопарктер 2016 жылы 92 млн теңге, 2017 жылы 256 млн теңге көлемінде қаражатқа ие болған.

Қалалық әкімдік өкілдері болса, субсидия шығынды жаппайды деген тасымалдаушыларға, қоғамдық көлікті тізгіндейтін жүргізушілердің олқылықтарын жіпке тізіп, бекіткен келісімшарттың орындалмай отырғандығын тілге тиек етті.

Кеңес мүшелері әлеуметтік саланы қамтитын сауалда пікірлерін ортаға салды. Бірі тарифті 186 теңге деп бекітіп, атқарушы билік өкілдері әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған жандар үшін 106 теңге көлемінде қаражатты субсидиямен бөліп төлеп берсін десе, енді бірі Алматы, Астана мен Шымкенттегі жүйені енгізуді ұсынды.

Өңірлік кеңес мүшелері шығындарды толықтай жабу үшін 3 млрд теңгедей субсидия беру керек деген тасымалдаушылардың талап-тілегін әзірге қолдамады. Олар қордаланған сауалды зерттеп, мамандардың көмегіне жүгінбек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.