Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық көліктер жаңартылды

c 18:46, 30/11/2018 c 740

0:00 / 0:00

Биыл тасымалдаушы кәсіпорындар 35  жаңа автобус алды. Автобус паркін жаңарту келер жылы да жалғасады. Облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала басшысы Мұрат Мұқаев желіге қосылған жаңа автобустардың артықшылықтарын арнайы көріп қайтты.

Орал қаласында жолаушы тасымалымен алты кәсіпорын айналысады. Қала ішінде күніге 450-ден астам қоғамдық көлік жолаушыларға қызмет көрсетеді. 2017 жылы қабылданған қоғамдық көліктерді жаңғырту тұжырымдамасы аясында мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Екі жыл бұрын қоғамдық көліктердің 40 пайызы, яғни 190-ы шағын автобустар болған болса, қазір 20 пайызы ғана ГАЗельдер. Оған қоса ескі «ПАЗ» автобустары да жаңартылуда. Мәселен, бүгін «Уралтехсервис» ЖШС №20 бағыттағы маршруттарды толығымен «Вектор» маркілі автобустарымен ауыстырды.

Жаңа автобустардың сыйымдылығы 70 адамға лайықталған. Ішкі және сыртқы көріністерді толық бақылау үшін төрт бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ биыл «Ақжолавто» ЖШС №7 бағыт бойынша 10, «Батыс Дилижанс» ЖШС №39 бағыт бойынша 10 жаңа автобусты желіге қосты. Автобустардың құны 20-30 млн. теңге аралығында.Су жаңа автобустар қызметке кірісіп те кетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.